BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 364.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.99 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.55
Астана:

Демалыс күндері Астанада масаң күйде көлік жүргізген 30 адам ұсталды

Фото: ptzgovorit.ru

Астана, BAQ.KZ. Демалыс күндері астаналық полиция қызметі «Маскүнем жүргізуші – қылмыскер» жедел алдын алу шарасын өткізді. Бұл туралы Астана қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

2 күн ішінде 722 жол қозғалысы ережелері бұзылғаны анықталды және 30-дан астам мас күйінде көлік жүргізгендер, жаяу жүргіншілер жолағынан өту ережелерін бұзған 84 жүргізуші және көлік жүргізу куәлігінен айырылған болса да көлік жүргізген 8 адам ұсталды. Сондай-ақ, жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы ережелерін бұзғаны туралы 160 жағдай анықталды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер