USD 334.89 EUR 361.61 RUB 5.28
Астана:

Дәурен Абаев «Азаматтарға арналған үкімет» қызметкерлерін марапаттады

Бүгін Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамын құруға елеулі үлес қосқан мемлекеттік қызметшiлерді марапаттау шарасына қатысты, деп хабарлайды ведомство баспасөз қызметі.

Министр атап өткендей, бұл салтанатты шара ведомствоның осы жылғы жұмысының арқауы болған - Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында өткізілуде.

«Тәуелсіздік - халқымыздың ең асыл құндылығы. Оны нығайту - Елбасының мемлекеттік бағдарының негізі. Осы бағдардың ең маңызды салаларының бірі - азаматтарға қызмет ететін мемлекетті құру. Осы міндетті жүзеге асыруда «Азаматтарға арналған үкімет» айрықша рөл атқарады», - деді Дәурен Абаев.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарына сәйкес құрылған болатын. Ол ағымдағы жылғы 7 сәуірден бастап іске қосылды. Мемкорпорация құрамына «Жер кадастрының ғылыми-өндірістік орталығы», «Жылжымайтын мүлік орталығы», «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» және «Халыққа қызмет көрсету орталығы» кірді. Қазіргі уақытта жалпы мемқызметтің тізбесінде болған 739 қызмет түрінің 530-ын азаматтар Мемкорпорация арқылы ала алады. Осы жылдың мамыр айында өткен Ведомствоаралық комиссия отырысының хаттамасы бойынша тағы 53 мемқызмет Мемкорпорацияға беріледі.

inform.kz

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады