BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 352.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 415.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

Астанада дәрігер қателіктеріне арналған халықаралық семинар өтіп жатыр

Астана қаласындағы Ұлттық ғылыми медициналық орталықта «ҚР-дағы медициналық құқық. Дәрігерлік қателіктер мен жауапкершілік: халықаралық тәжірибе» атты халықаралық семинардың 1-күні өтті. Оған профессор, заңгер, Дүниежүзілік Медициналық құқық қауымдастығының вице-президенті Вугар Мамедов қатысты, деп хабарлайды Вaq.kz ақпараттық агенттігі.

Дәріс-кеңес Республикалық денсаулық сақтау секторындағы тәуелсіз сараптама одағының, Астана қаласының тәуелсіз медициналық сарапшылары қауымдастығының және «Келісім» халықаралық медиация және құқық орталығының ұйымдастыруымен болды.

«Бұл семинар дәрігерлік қателікке байланысты мәселенің жаңа қырларын ашуға мүмкіндік береді», - дейді Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева.

Семинар барысында медициналық кадрларды дайындаудағы білім берудің әдеп-құқықтық компонентін күшейтудің халықаралық-құқықтық негіздері мен пациенттердің құқығы туралы мәселелер талқыланды.

Айта кетерлігі, ертең дәріс-кеңестің 2-күні өтеді. Онда дәрігерлік қателіктер, медициналық қызметкерлердің негізгі құқық бұзушылықтары, заңды жауапкершілік түрлері және денсаулық сақтаудағы сыбайлас жемқорлық сияқты тақырыптар қарастырылады.

Жансая ҚАМБАР


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер