BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 352.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 415.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

Дәрігерлер көпірден секіріп кеткен қыздың жағдайы туралы айтты

Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасында көпірден секіріп кеткен қыздың жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«10 қараша күні «Алтын Орда» базары маңында көпірден секіріп кеткен қыз туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына 8/90 жедел жәрдем көмегінің интенсив терапиясының бригадасы барды. Зардап шегуші қалалық №7 клиникалық ауруханасына жеткізілді», - деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасында.

Қабылдау бөлімінде қызды реаниматолог, нейрохирург, травматолог, хирург қарады.

«Қыз келіп түскенде жағдайы өте ауыр болды. Қазір барлық қажетті диагностикалық шаралар жүргізіліп жатыр, компьютерлік томография, зерттеу. Ол аппарат арқылы тыныс алып жатыр», - деді дәрігерлер.

Еске сала кетейік, Алматыда қыздың «Алтын Орда» базарындағы көпірден секіріп кеткені туралы хабарлаған болатынбыз.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер