BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 368.28 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.21 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

Даниал Ахметов 18 жастағы жігітті қағып кеткен Риддер әкімінің орынбасары туралы пікір білдірді

Бүгінгі Үкімет отырысынан кейін кулуарда ШҚО әкімі мас күйде көлік жүргізіп жаяу жүргіншіні қағып өлтірген Риддер қаласы әкімінің орынбасары туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Риддер қаласы әкімінің орынбасарына қатысты жайт өте өкінішті. Ол кеше тұтқындалды. Бүгін құқық қорғау органдары қажетті шараларды жүргізіп жатыр. Баланың ата-анасына қайғырып көңіл айтамыз. Жақын арада сот тергеуі жұмыстары аяқталады деп ойлаймын. Біз мұны құпияда ұстауды жөн көрмедік, менің тапсырмаммен іс ашық жүргізіліп жатыр. Тергеу аяқталған соң қорытындысын білетін боласыздар», - деді Ахметов.

Еске сала кетсек, 15 сәуір күні BMW Х5 маркалы көлікті айдап келе жатқан Риддер қаласы әкімінің орынбасары жаяу жүргіншілерге арналған жолдан өтіп бара жатқан адамды қағып өлтірді. Облыс әкімінің тапсырмасымен жол-көлік оқиғасына қатысты тергеу амалдарын ШҚО ІІД бастығы бақылауға алған.

Оқиға Айдарханов көшесі бойында кешкі сағат тоғыз шамасында болған. BMW Х5 көлігі ілеспе бағыттағы жол жиегінде жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Соның салдарынан 1999 жылы туған азамат жедел жәрдем қызметі келгенше қаза тапты.

Анықтау барысында BMW Х5 көлігінің 45 жастағы жүргізушісі мас күйде болғаны және Риддер қаласы әкімінің орынбасары екені анықталды. Ол тұтқындалып, уақытша изоляторға қамалды.

Риддер қаласының ішкі істер органдары ҚР ҚК-нің 345-бабы, 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Риддерде өткен брифингте ШҚО баспасөз аппаратының басшысы Ринат Омаров аймақ басшылығы атынан қаза болған жігіттің жақындарына көңіл айтты.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер