BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 352.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 415.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

«COPEAM» қауымдастығы «Spirit of Tengri» жобасына қызығушылық танытты  Эксклюзив

Фото: Нұржас Жақсыбай

«Spirit of Tengri» халықаралық жобасымен әріптестік орнату өте қызықты болар еді. Бұл жөнінде Азия-Тынық мұхиттық хабар тарату одағының ұйымдастыруымен Астанада өтіп жатқан «Media-2020» конференциясы аясында «COPEAM» компаниясының Бас хатшысы Клаудио Каппон мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Біз диалог туралы сөз айтқан кезде Жерорта теңізін мысал етуге болады. Себебі, Жерорта теңізі әртүрлі мәдениеттердің бесігі болып табылады. Бұл жағдай кейде әлсіз тұс ретінде де қарастырылады. Себебі, жаңа мыңжылдықта өркениеттің дамығанына қарамастан, біздер кейде дауласамыз, кейде тату боламыз, бірақ, әруақытта өзара қарым-қатынастамыз. Біз алуан түрлі көп мәдениетті орта құра алдық. Сондықтан, бұл алуан түрлілікті қалай байлық пен жетістікке айналдыруға болатыны жөнінде үлгі бола аламыз», - деді Клаудио Каппон.

Бас хатшы СОРЕАМ қауымдастығының жұмысына тоқталып, алдағы айларда Алжирде жұмыс жүргізетінін атап өтті. Алжирлік 12 журналист компания аясында өткізілетін тренингтер мен семинарларға қатысып, өз біліктіліктерін шыңдайтын болады.

«Телевидениеге қатысты жұмыстарға тоқталатын болсақ, Азия-Тынық мұхиттық хабар тарату одағымен бірлесіп, арнайы сұхбаттар ұйымдастырамыз. Сұхбат тақырыбы ортақ өзекті мәселелерге арналады. Сонымен қатар, саяхат пен мәдениет, спорт жайлы бағдарламалар әзірлейміз. Сондай-ақ, біздің жетекшілігіміздегі 3 апталық радиожурнал бар. Біз фольклорды танымал музыкаға айналдыруға тырыспаймыз. Бірақ, заманауи музыкадағы ұқсастықтарды табуға күш саламыз», - деген ол «Spirit of Tengri» халықаралық жобасымен әріптестік орнатуға қызығушылық танытты.

Еске сала кетсек, Астанада «Media-2020» конференциясы өтуде. Аталған конференция шілденің 10-12 аралығында елордада алғаш рет Азия-Тынық мұхиты хабар тарату одағымен (ABU) бірлесіп ұйымдастырылған ауқымды шаралар аясында жүзеге асырылуда. Айта кету керек, Азия-Тынық мұхиты хабар тарату одағы коммерциялық емес ірі кәсіби қауымдастық және ол 69 елдегі 292 хабар тарату ұйымының басын біріктіріп отыр. Оның әлеуетті аудиториясы шамамен 3 млрд адамды құрайды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер