BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 370.55 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 421.76 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.57
Астана:

БҰҰ "Құрмет белгісі" иегерінің кітаптары таныстырылды

Астана, BAQ.KZ. Астанада «Жас-Ай» Халықаралық медицина орталығының бас директоры, м.ғ.д. профессор, академик, ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі, «Ерен еңбегі үшін» медалінің, Халықаралық «Сократ» орденінің, Біріккен Ұлттар Ұйымының «Құрмет белгісі» орденінің иегері Жасан Зекейұлының бірнеше кітабының тұсаукесері өтті.

Іс-шараға еліміздің белгілі қоғам қайраткерлері мен мәдениет және медицина саласының, БАҚ саласы өкілдері қатысты.

«Тәуелсіздіктің арқасында аңсаған атажұртқа оралдық.Туған елімізбен қауышқан сәтте,елге қызмет етуді ойладық. Бір үш бөлмеде ғана бастаған қызметімізді жалғастырып,алғашында медицина орталығын Алматыда аштық. Содан бергі 14 жылда үш орталық ашып,өз еңбегімізбен өсіп келеміз. Оның бәрі 27 жыл бойы қазақ елін әлемге танытып, отыз озық елдің қатарына қосылуды мақсат тұтқан Ұлт Көшбасшымыздың арқасы. Өмірдегі ең үлкен бақыт - адамдарға көмектесу мүмкіндігі дер едім.Сондықтан еңбегіміз елге,құрметіміз Елбасыға болсын!»- дейді салтанатты рәсімнің ашылуында Жасан Зекейұлы.

Шара барысында «Милосердие оставляет следы», «Елдік пен ерлік», «Бел омыртқа ауруларының диагнозы және тиімді емдеу жолдары», «Бел омыртқа аурулары» қатарлы кітаптар мен «Еуропа медицина қауымдастығының» және «Еуропа бизнес академиясының» «Жас-Ай» Халықаралық медицина орталығы қызметіне арнап шығарған «Сократ альманағы» журналының тұсаукесер рәсімі өтті.

Жасан Зекейұлы 14 жыл бойы тұрмысы төмен отбасылардан шыққан оқушыларға жоғары білім алуына қамқорлық танытып,еліміздегі беделді жоғары оқу орындарына оқу грантын бөліп келеді екен. Жаңадан тұсауы кесілген «Бел омыртқа ауруларының диагнозы және тиімді емдеу жолдары», «Бел омыртқа аурулары» атты қос кітап та медициналық жоғары оқу орындары мен арнайы колледж студенттеріне әдістемелік оқу құралы ретінде пайдалану үшін жазылған таптырмас еңбек.

Ал жылына екі рет қана жарық көретін «Сократ альманағы» журналының осы жылғы алғашқы саны «Халықаралық үздік клиника» атағын иеленген Халықаралық «Жас-Ай» медицина орталығы мен оның басшысы Жасан Зекейұлына арналған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер