BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 367.06 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.17 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.56
Астана:

Бұршақ, найзағай, дауыл – синоптиктердің болжамы

«Қазгидромет» РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстан аумағында құбылмалы ауа райы сақталады. Тек оңтүстік-батыста жауын-шашын болмайды. Ал кей жерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, жел күшейіп, дауыл соғады, бұршақ жаууы мүмкін, оңтүстікте шаңды дауыл соғады, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.

Атап айтқанда, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде найзағай ойнап, дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін. Түнде кей жерде және күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с күшпен жел соғады, екпіні 23-28 м/с жетуі ықтимал.

Жамбыл облысының кей жерінде найзағай ойнап, дауыл болады, бұршақ жаууы мүмкін. Желдің жылдамдығы 23 м/с күшейеді.

Оңтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының жекелеген жерлерінде найзағай ойнап, дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді. Оңтүстік Қазақстан облысында сондай-ақ шаңды дауыл соғады.

Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарының жекелеген аумақтарында найзағай ойнайды, күндіз желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысында күндіз бұршақ жаууы ықтимал.

Қызылорда, Қостанай облыстарының кей жерінде күндіз жел 15-20 м/с күшейіп, Қостанай облысында найзағай жарқылдайды.

Маңғыстау облысының басым бөлігінде, Атырау, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер