BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 363.26 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.54
Астана:

Бурабайда жас ғалымдардың форумы өтті

Астана қаласы мен Бурабай демалыс аймағында жас ғалымдардың қатысуымен Burabay Forum: Қазақстанның халықаралық ынтымақтастығы атты халықаралық форумы өтті, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Форумды ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының қоры ұйымдастырды.

Burabay Forum – жас ғалымдардың ғылым және білім саласындағы трансшекаралық ынтымақтастығы мәселелерін талқылайтын халықаралық форум. Мұнда отандық және шетелдік ғалымдар арасында тәжірибе алмасу, отандық жоғары оқу орындары мен жақын шетелдер арасындағы байланыстарды нығайту, бірлескен ғылыми зерттеулерді жүргізу мәселелері қаралды.

Биылғы форум бірнеше замануи ғылыми бағыттарды қамтыды. Зерттеушілер үш күн бойы ТМД елдерінің ХХІ ғасырдағы ғылымы мен, мәдениетін, туризмі саласындағы мәселелерді талқыға салды.

Астанада өткен форумның ашылу салтанатында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының атқарушы директоры Қанат Жұмабаев аталған шара жас ғалымдарға жаңа мүмкіндік беретінін атап өтті.

«Биыл форум сапалы деңгейде өтті. Біріншіден, қатысушылар географиясы кеңейді. Форумға 100 ғалым қатысты. Оның ішінде Қазақстан, Ресей, Литва, Беларусь, Армения, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстаннан келген 27 ғалымы бар. Burabay Forum алаңы жас ғалымдарға ақпарат алмасуға, ғылыми жобаларын іске асыруға, зерттеулерді коммерцияландыруға мүмкіндік береді», - деді ол.

Шара барысында ғалымдар туризм, ауыл шаруашылығы, ғылым, мәдениет, әрі физика және ғылымды қажет ететін технологиялар саласындағы ынтымақтастықты нығайту қажеттігін атап өтті.

Сондай-ақ халықаралық форум өз жұмысын Ақмола облысындағы Бурабай демалыс аймағында жалғастырылды.

Оған ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының атқарушы директорының орынбасары Игорь Рогов, ҚР Білім және ғылым вице-министрі Талғат Ешенқұлов, Kazakh Tourism ұлттық компаниясының басшысы Рашид Кузембаев, Ақмола облысы әкімінің орынбасары Қанат Ыдырысов қатысты.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер