USD 334.89 EUR 361.61 RUB 5.28
Астана:

Енді WhatsApp-та сезіміңізді ұлттық бейнелер арқылы білдіре аласыз

Бүгіннен бастап негізгі мессенджерлер iOS және Андроидта «Нимоджи Қазақстан» қосымшасы арқылы қазақи ұлттық бейнелерді (эмоджи) алмасуға болады.

«Нимоджи Қазақстан» қосымшасы Қазақстанның барлық өңірлерінде, Apple App Store жəне Google Play Market қосымшаларының онлайн-дүкендерінде қолжетімді.

2016 жылы 19 қыркүйектен бастап iPhone қолданушылары Айбала атты эксклюзивті қазақи ұлттық эмодж-стикерлерін жаңартылған iMessage iOS қосымшаларында қолдана бастаған еді. Сол кезде Nimoji Software Limited таяуда барлық ұялы телефондарда iOS пен Андроид үшін тегін қосымша болатынын, барлық қолданушылар ұлттық эмоджилермен алмаса алатынын айтқан. Міне, сол күн де туды.

Бүгінгі күннен бастап Apple AppStore немесе Google PlayMarket жүйлерінде Нимоджи Қазақстан қосымшасын жүктеу арқылы қолданушылар қазақи ұлттық эмоджи-стикерлерін WhatsApp, Facebook Messenger, Viber, iMessage, Telegram және т.б мессенджерлерінде қолдана алады.

Ұлттық Эмодждер-Нимоджи идеясы Қазақстанда туған. Сол себепті де Қазақстан бұл жобаның бастапқы алаңына айналып, қосымша кейіпкерлері қазақ тарихы мен салт-дəстүрлеріне негізделіп дайындалды. Қосымшадағы жігіттің аты – Айбала, оның Ақсәуле деген құрбысы бар. Екеуі де көңілді, əзілқой, күш-қуат пен оптимизмге толы. Олардың бойында адамға тəн қылықтардың бəрі бар, кейіпкерлер образының ерекше болуы да сондықтан.

Эмоджи-стикер арқылы Нимоджи Қазақстан қосымшасын қолданушы түрлі эмоцияларды сұхбаттасып отырған адамға жеңіл жеткізе алады. Әзірге жалпы 120 көңіл-күй және жеке өмірлік жағдайлар қолжетімді. Алдағы уақытта стикерлер саны артады.

Қосымшаны өзіне жүктеп алған адам негізгі базалық образдар Айбала мен Ақсәуленің эмоцияларын қолдана алады. Сонымен қатар әртүрлі тақырыптарға байланысты ақылы кітапханалар да бар.

Қосымшаны қолдану өте жеңіл. Бейнені мəтінге немесе диалог хатына қою үшін қолданушыға мессенджерден шығудың қажеті жоқ. Тек виртуалды клавиатураны және қажет эмоджи-стикерді таңдап қойса болғаны және мессенджерде бейне қойылады. Стандартты эмоджилер ешқандай өзгеріссіз қолданушыға бұрынғыдай қолжетімді. Әрбір хат алушы эмодж-стикерлерді ала алады, тіпті ол қолданушыда Нимоджи Қазақстан қосымшасы орнатылмаған болса да.

Нимоджи жобасын Ресей, Украина, Латвия, Грузия, Израиль, Қытайда дамыту жоспарланып отыр.

Дереккөз: massaget.kz

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер3
Нурлан
Қалай тартуға болады отырғызуға болады
Archimed
Казахша калай жазуга болады, андроидта альфавит жок кой?
Макишева Ботагоз
Archimed
Казахша калай жазуга болады, андроидта альфавит жок кой?
Білмеймін, мен көшіргенде бірден қазақша алфавитпен көшірілді

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады