BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 367.06 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.17 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.56
Астана:

Бүгінге арналған ауа райы болжамы

Фото: интернеттен

"Қазгидромет" РМК синоптиктерінің мәліметіне қарағанда, 15 қыркүйек күні антициклонның әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын сыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.

Республиканың тек солтүстігінде және шығысында фронтальдық бөліктердің өтуіне байланысты жаңбыр жауады. Кей жерде жел күшейіп, оңтүстікте және оңтүстік-батыста шаңды дауылмен соғады.

Атап айтқанда, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерінде, күндіз Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің екпіні 15-22 м/с күшейеді.

Қызылорда мен Маңғыстау облыстарында шаңды дауыл тұрады.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде түнде 3 градус үсік сақталады.

Сонымен қатар Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау облыстарында, Жамбыл облысының басым бөлігінде, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Қарағанды облыстарының кей жерінде жоғары өрт қаупі сақталады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер