BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 352.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 415.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

Бүгінге арналған ауа райы болжамы

«Қазгидромет» РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда, сенбіде атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты Қазақстан аумағында найзағаймен бірге жаңбыр жауады, екпінді жел соғып, солтүстікте бұршақ жаууы мүмкін, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.

Республиканың солтүстік-батысы мен шығысында түнде және таңертең кей жерде тұман түседі.

Қазақстанның батысында, оңтүстігінде және шығысында ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында жел күшейіп, кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз бұршақ жаууы мүмкін.

Қостанай облысының кей жерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, түнде және таңертең тұман түседі, күндіз бұршақ жаууы мүмкін.

Шығыс Қазақстан облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі, күндіз жекелеген аудандарда жел соғады.

Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Павлодар және Қарағанды облыстарында жел 15-22 м/с күшейеді.

Алматы облысында қатты ыстық болады.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Қостанай, Қарағанды облыстарында жоғары өрт қаупі сақталады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер