BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 367.06 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.17 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.56
Астана:

Бүгін үш қалада ауа сапасы нашарлайды

Фото: интернеттен

15 қыркүйек күні метеорологиялық жағдайлар еліміздің үш қаласында ауада ластаушы заттардың шоғырлануына ықпал етеді, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.

«Қазгидромет» РМК мәліметіне қарағанда, сенбі күні Қарағанды, Теміртау және Ақтөбе қалаларында жағымсыз метеожағдай қалыптасады.

Еліміздің қалған қалаларында ауа сапасы қолайлы болады деп болжанып отыр.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер