BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 374.2 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.34 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.52
Астана:

Бүгін күн жаңбырлы болады

Атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты 9 тамызда республиканың басым бөлігінде ауа райы құбылмалы, кей жерде жаңбыр жауып, жел күшейеді, оңтүстікте кей жерлерде - дауыл, түнде және таңертең солтүстігінде және орталығында тұман түседі, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, күндіз Жамбыл, Түркістан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарында түнде және таңертең кей жерде тұман болады.

Қызылорда облысының кей жерінде дауыл, шаңды дауыл тұрады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Маңғыстау облысының кей жерінде тұман түседі.

Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында, Түркістан, Маңғыстау, Қостанай облыстарының кей жерінде аптап ыстық болады.

Қызылорда облысында, Түркістан, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қостанай, Қарағанды, Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерінде жоғары өрт қаупі сақталады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер