BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 371.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.32 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

Бүгін күн ашық болады

16 қыркүйек антициклонның әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде күн райы ашық, тек еліміздің солтүстігінде, батысында және шығысында фронтальдық бөліктердің өтуіне байланысты жаңбыр жауып, найзағай болады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарата агенттігі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Кей жерде жел күшейіп, оңтүстікте және батыста шаңды дауыл соғады. Еліміздің солтүстігінде, солтүстік-батыста, орталығында және шығысында түнде және таңертең тұман күтіледі.

Шығыс Қазақстан, күндіз Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының кей жерінде найзағай ойнап, жел 15-20 м/с күшейеді.

Қызылорда, Атырау облыстарының күндіз кей жерінде жел 15-20 м/с күшейіп, шаңды дауыл тұрады.

Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерінде тұман түседі, күндіз жел 15-20 м/с жетеді.

Жамбыл, күндіз Түркістан облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Түнде Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді.

Қостанай, түнде және таңертең Қарағанды облыстарының кей жерінде тұман түседі.

Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау облыстарында, Жамбыл, Атырау, облысының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Қарағанды облыстарының кей жерінде жоғары өрт қаупі сақталады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер