Бүгін көрермендерді КХЛ «Жұлдыздар матчына» арнайы автобустар жеткізеді - Қоғам|13 Қаңтар 2018, 11:25
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 360.12 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 409.67 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.33
Астана:

Бүгін көрермендерді КХЛ «Жұлдыздар матчына» арнайы автобустар жеткізеді

«Барыс Арена» МА дейін 13.01.2018 жылы «Мастер-шоу КХЛ 2018» және 14.01.2018 жылы «КХЛ жұлдыздар матчы» көрермендерін көлікпен қамтамасыз ету мақсатында арнайы автобустар ұйымдастырылады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі astana.gov.kz сайтына сілтеме жасап.

Автобустардың жүру уақыты – сағат 12:00-ден 13:00-ге дейін;

Жүру орны:

• «Қазақстан» СК тұрағы;

• Бөгенбай батыр ескерткіші тұрағы (Бөгенбай батыр – Сарыарқа даңғылының қиылысы);

• «Нұр Астана» мешіті тұрағы;

• «Жастар» сарайы» тұрағы;

• «Астаналық цирк» тұрағы.

Арнайы автобустардың жүру ақысы - 90 теңге, жүру билеттері мен жеңілдігі бар билеттер жарамсыз. Іс-шара аяқталған соң «Барыс Арена» МА тұрағынан қалаға апаратын арнайы автобустар ұйымдастырылады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер