BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 369.36 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 431.3 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.45
Астана:

Бүгін кей облыста қар жауады

Фото: интернеттен

«Қазгидромет» РМК синоптиктерінің 11 қыркүйекке арналған болжамына қарағанда, атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты, Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын сақталады. Түнгі және таңертеңгі уақытта солтүстік батыс, солтүстік және орталықта жаңбырдың соңы қарға ұласуы ықтимал, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Еліміздің батысында оңтүстік және оңтүстік шығыста жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Кей жерлерде жел күшейіп, оңтүстікте жел шаңды дауылмен болады.

Шығыста жекелеген аудандарда найзағай болып, күндіз бұршақ жаууы ықтимал.

Республиканың солтүстік және орталық бөлігінде түнде және таңертең тұман және үсік түседі.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде найзағай, желдің жылдамдығы 15-20, күндіз 25 м/с дейін күшеюі мүмкін. Күндіз кей жерлерінде бұршақ жаууы ықтимал.

Қостанай облысының кей жерінде тұман, желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерінде түнде және таңертең тұман, күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшеюі күтіледі.

Қарағанды облысының кей жерінде таңертең тұман, түнде желдің екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.

Жамбыл, таңертең және күндіз Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерінде жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді.

Қызылорда облысында шаңды дауылмен жел болады.

Ақмола облысының кей жерінде тұман түседі.

Түнде Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарында 1-3 градус үсік жүреді.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау облыстарының басым бөлігенде, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Қарағанды облыстарының кей жерінде жоғары өрт қаупі сақталады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
17 Қыркүйек 2018, 08:15
Бүгін күн ашық болады
16 Қыркүйек 2018, 09:03
Бүгін күн ашық болады
Пікірлер