BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 366.43 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.58
Астана:

Бүгін Қазақстанның үш қаласында ауа сапасы нашарлайды

Фото: 24kz

8 тамыз күні Қазақстанның 3 қаласында жайсыз ауа райы қалыптасады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Синоптикердің хабарлауынша, жайсыз ауа райы мен ауаның ластануы Ақтау, Қарағанды, Көкшетау қалаларында байқалады.

Алматы, Астана, Атырау, Қостанай, Қызылорда, Петропавл, Петропавл, Талдықорған, Тараз, Орал, Өскемен және Шымкентте ауа райы қалыпты болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін жел, тұман, инверсия сияқты қысқамерзімді метеофакторлардың жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер