BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 361.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 414.71 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.53
Астана:

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын жауады

Бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болады, оңтүстігінде найзағай ойнап, шаңды дауыл тұрады, күндіз бұршақ болуы ықтимал, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Кей жерлерінде тұман, екпінді жел сақталады.

Оңтүстік Қазақстан, күндіз Алматы, Ақмола, Павлодар облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с дейін жетеді.

Жамбыл облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, күндіз бұршақ болуы ықтимал, жел 15-20 м/с күшейеді.

Қызылорда облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жетеді, шаңды дауыл болады.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, тұман болады.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді, желдің екпіні 23-28 м/с, кей жерлеріне тұман болады, күндіз көктайғақ болжанған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер