BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 363.26 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.54
Астана:

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, жел соғады

Фото: istockphoto.com

Еліміздің батыс бөлігінде бұршақ жауып, оңтүстік бөлігінде дауыл болуы ықтимал, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Солтүстік Қазақстанда таңертең және түнде тұман түседі.

Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Ақмола облыстарында жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соқпақ.

Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында күндіз және түнде тұман болып, жел соғады.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде күн күркіреп, бұршақ жаууы мүмкін.

Атырау, Қызылорда облыстарында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болып, қатты дауыл соғуы мүмкін. Сондай-ақ, аталған аймақтарда күн ыстық болады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер