BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 352.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 415.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

15 мамыр Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады

Атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады. Тек батыс, оңтүстік-батыста күн ашық болады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Қазгидромет сайтына сілтеме жасап.

Республиканың кей жерлерінде желдің күшейеді. Оңтүстікте шаңды дауыл, тұман, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік Қазақстан облысының, күндіз Жамбыл облысының кей жерлерінде дауыл тұрады, бұршақ жаууы ықтимал, желдің 15-20 м/с күшейеді. Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл болады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Түнде Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жел 15-20 м/с күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысының, түнде Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, жел тұрады, жылдамдығы-15-20 м/с. Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал, жел 15-20 м/с күшейеді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер