BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 336.39 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 390.28 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.36
Астана:

Дүйсенбіде Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады

Фото: Fonstola

11 маусымда атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады. Кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, солтүстік-шығыста ауа райы жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Дүйсенбі күні Жамбыл мен Оңтүстік Қазақстанда, ал Ақмола облыстарының кей жерлерінде түнде және таңертен найзағай ойнап, дауыл соғып, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болады, сондай-ақ бұршақ жаууы мүмкін.

Солтүстік Қазақстан облысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болса, кей жерлерінде екпіні секундына 23-28 метрге дейін жетеді. Найзағай, дауыл, тұман күтіледі және бұршақ жаууы мүмкін.

Қарағанды, Қызылорда, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Аталған аймақтардың кей жерлерінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болмақ. Қызылорда облысында шаңды дауыл соғады.

Қостанай мен Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болмақ. Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі және бұршақ жаууы мүмкін. Атырау, Маңғыстау, Қызылорда облыстарының басым бөлігінде, ал Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Қарағанды, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде өрт қаупі күшейеді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер