BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 361.94 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 423.25 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.4
Астана:

Бүгін Қазақстанның 9 қаласында ауа сапасы төмендейді

Фото: legkopolezno.ru

17 мамыр күні Қазақстанның 9 қаласында метеорологиялық жағдай атмосферада ластаушы заттардың шоғырлануына ықпал етеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат аегнттігі «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, жайсыз метеорологиялық жағдайлар Ақтау, Жаңаөзен, Астана, Қарағанды, Балқаш, Теміртау, Талдықорған, Ақсай, Орал қалаларында қалыптасуы мүмкін.

ҚМЖ – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқамерзімді метеорологиялық факторлардың (тымық, жеңіл жел, тұман, инверсия) үйлесімі.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер