BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 365.49 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.35 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.6
Астана:

Бүгін Қазақстанның 3 қаласында ауа сапасы нашарлайды

Қазақстанның 3 қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасуы мүмкін, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, жайсыз метеорологиялық жағдайлар немесе ауаның ластануы Алматы, Қарағанды және Шымкент қалаларында болуы ықтимал.

Ақтау, Атырау, Қостанай, Көкшетау, Павлодар, Петропавл, Талдықорған, Тараз, Орал және Өскемен қалаларында метереологиялық жағдай жақсы болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық күн, баяу соққан жел, тұман, инверсия) жиынтығы.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер