Бүгін Қазақстанның 3 қаласында ауа сапасы нашарлайды - Қоғам|14 Маусым 2018, 09:33
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 360.71 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 411.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.38
Астана:

Бүгін Қазақстанның 3 қаласында ауа сапасы нашарлайды

Бүгін Қазақстанның көптеген қаласында жайлы метеорологиялық жағдай қалыптасады. Тек үш қалада ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Ақтау, Ақтөбе, Алматы, Қостанай, Көкшетау, Қызылорда, Павлодар, Петропавл, Талдықорган, Тараз, Орал, Өскемен, Шымкент қалаларында ауаны ластайтын қолайсыз метеожағдайлар күтілмейді.

Ал Астана, Атырау, Қарағандыда атмосферада ластаушы заттар жиналуы мүмкін.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер