BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 352.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 415.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

11 маусымда Қазақстанның 3 қаласында ауа сапасы нашарлайды

Фото: inosmi.ru

11 маусымда қалыптасатын метеорологиялық жағдайлар Қазақстанның 3 қаласында ластаушы заттардың шоғырлануына ықпал етеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Астана, Қарағанды және Шымкент қалаларында ауа сапасы нашарлайды. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың жиналуына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық, жеңіл жел, тұман, инверсия) үйлесімі.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер