BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 363.26 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.54
Астана:

Бүгін еліміздің үш қаласында ауа сапасы нашарлайды

Фото: интернеттен

«Қазгидромет» РМК мәліметіне қарағанда, бүгін метеорологиялық жағдайлар еліміздің үш қаласының атмосферасында ластаушы заттардың шоғырлануына ықпал етеді, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.

Aтырау, Aқтау және Өскемен қалаларының ауа сапасы нашарлайды. Қалған қалаларда метеорологиялық жағдай жағымды болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер