BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 340.27 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 396.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.39
Астана:

Бүгін еліміздің көп жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады

Бүгін антициклонның әсеріне байланысты еліміздің көптеген аумағында жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі, тек елдің батысы, шығысы және солтүстігінде жаңбыр болады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агентті Қазгидромедке сілтеме жасап.

Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, тұман түседі, көктайғақ, бұрқасын болатыны болжанады.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Сонымен қатар бұрқасын соғып болады, желдің екпіні 15-20 м/с-ге жетеді.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының басым бөлігінде тұман түсіп, желдің күші 15-20 м/с-ге жетеді.

Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, түнде және таңертең көктайғақ болады.

Қызылорда облысының біраз аудандарында жел соғып, екпіні 15-20 м/с-ге дейін жетеді.

Алматы, Маңғыстау, Атырау, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер