USD 335.71 EUR 357.36 RUB 5.23
Астана:

Бүгін еліміздің бірқатар өңірінде жел күшейіп, боран соғады

28 қарашада Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады, республикамыздың солтүстік және батыс аумақтарында атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты ауа райы жауын-шашынды, кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, бұрқасын болып, жел күшейеді, деп хабарлайды Baq.kz «Қазгидромет» мәліметтеріне сілтеме жасап.

Ақмола облысында кей жерлерде аздап боран соғып, жел жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с дейін күшейеді. Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғып, кей жерлерде 25 м/с дейін күшейеді, кей жерлерінде боран соғып, көктайғақ болады деп күтілуде.

Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді, Ақтөбе облысында аздап боран соғады.

Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде жаяу бұрқасын жүреді.

Қостанай облысының кей жерлерінде жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді, кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, аздап боран соғады. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман, Жамбыл, Атырау облыстарында көктайғақ болады.

Алматы, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман, Маңғыстау облысында кей жерлерде, Алматы облысының Жалаңашкөл аумақтарында күндіз жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді.

Ұқсас сілтемелер:
05 Желтоқсан 2016, 09:45
Қытайда ауа сатыла бастады
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады