BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 346.68 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 404.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.47
Астана:

Бүгін еліміздің бірқатар қаласында ауа сапасы төмендейді

Қазақстанның 6 қаласында ауа сапасы төмендейді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжауынша, Астана, Қарағанды, Қостанай, Көкшетау, Павлодар, Петропавл қалаларындағы метеожағдай ауаның ластануына ықпал етеді.

Керісінше, Алматы, Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Қызылорда, Талдықорған, Тараз, Өскемен, Орал, Шымкент қалаларында ауаның біршама таза болатыны болжанады.

Аталған ауаның ластануына болжам жасауда атмосферадағы зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін метеорологиялық факторлар (баяу жел, тұман, инверсия) ескеріледі.

Естеріңізде болса, бүгін еліміздің басым бөлігінде тұманды ауа райы болжанған болатын.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер