BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 371.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.32 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

Бүгін еліміздің басым бөлігіне тұман түседі

Фото: ашық дереккөзден

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жел соғып, кей жерде тұман түседі, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжамы бойынша, Жамбыл облысының кей жерінде бүгін тұман түсіп, найзағай болады, жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерінде тұман болады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Түркістан, Маңғыстау облыстарының кей жерінде желдің 15-20 м/с күшеюі ықтимал.

Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман түседі, күндіз жел 15-20 м/с болады.

Атырау, Ақтөбе облыстарының кей жерінде тұман түседі.

Маңғыстау облысы, Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерінде жоғары өрт қаупі сақталады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер