BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 374.2 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.34 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.52
Астана:

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жел күшейіп, жаңбыр жауады

"Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда, бүгін атмосфералық ауа ағындарының өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.

Еліміздің кей жерінде жауын-шашынды болады, солтүстіктің жекелеген аудандарында найзағайлы нөсер жауады, екпінді желмен бірге дауыл соғуы ықтимал. Солтүстікте түнде және таңертең кей жерде тұман түсуі мүмкін.

Ақмола, Қызылорда, Қостанай облыстарының кей жерінде дауыл соғып, желдің жылдамдығы секундына 15-25 метрге жетеді, күндіз бұршақ жаууы ықтимал.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде дауыл, желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз бұршақ жаууы мүмкін, түнде және таңертең тұман түседі.

Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады, күндіз бұршақ жаууы мүмкін.

Батыс Қазақстан облысы, Атырау, Маңғыстау, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарында күндіз кей жерде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстары, Түркістан, Қарағанды облыстарынының кей жерінде аптап ыстық болады.

Қызылорда, Түркістан облыстары, Жамбыл, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерінде жоғары өрт қаупі сақталады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер