BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 367.06 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.17 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.56
Астана:

Бүгін еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, бұрқасын болады

Фото: интернеттен

Астана, BAQ.KZ. Қазақстан аумағының басым бөлігі ауа райы тұрақсыз болады. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты, жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі, шығыстың кей жерінде қатты жауады. Кей жерінде екпінді жел, бұрқасын, тұман түсіп, көктайғақ болуы ықтимал.

Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болады, басым бөлігінде түнде жел 15-20 м/с, кей жерінде екпіні 23-28 м/с жетеді, күндіз кей жерінде 15-20 м/с болады.

Қарағанды, Қостанай облыстарының кей жерінде тұман түсіп, бұрқасын болады, жел 15-20 м/с дейін күшейеді, Қостанай облысының кей жерінде көктайғақ болуы мүмкін.

Aқмола облысының кей жерінде көктайғақ, бұрқасын, жел кей жерінде жел жылдамдығы 15-20 м/с, түнде екпіні 25 м/с күшейеді.

Aлматы облысының кей жерінде тұман түсіп, көктайғақ болуы ықтимал.

Қызылорда, Жамбыл облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейіп, тұман түседі.

Батыс Қазақстан, Түркістан облыстарының кей жерінде тұман түсуі мүмкін.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер