BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 326 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 382.2 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.29
Астана:

Бүгін еліміздің барлық аумағында ауа сапасы жақсарады

Бүгін еліміздің барлық аумағында дерлік ауа сапасы жақсы болады. Алматы мен Астананы қоса алғанда республиканың өзге қалаларында ауаның ластануы немесе жайсыз метеорологиялық жағдайлар қалыптаспайды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Дегенмен еліміздің екі қаласында, Қарағанды мен Оралда ауа сапасы нашарлап, жайсыз метеорологиялық жағда қалыптасады.

ҚМЖ - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқамерзімді метеорологиялық факторлардың (тымық, жеңіл жел, тұман, инверсия) үйлесімі. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін. Ластану деңгейінің қалыптасуын анықтайтын маңызды факторлардың бірі - синоптикалық ахуалға (жел, жауын-шашын, ылғалдылық, ауа температурасы) жасалатын болжам.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер