BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 346.68 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 404.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.47
Астана:

Бүгін еліміздің 11 қаласында ауа сапасы жақсарады

Фото: ashoova.co.il

Қазақстан қалаларында жайсыз метеожағдайлар ауа сапасына ықпал етуі мүмкін, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агентігі «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Алматы, Астана, Қостанай, Көкшетау, Павлодар, Петропавл, Талдықорған, Тараз, Орал, Өскемен, Шымкент қалаларындағы метеожағдайлар атмосферадағы ластаушы заттардың ыдырауына ықпал етеді.

Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Қарағанды қалаларындағы метеожағдайлар атмосферада ластаушы заттардың шоғырлануына ықпал етеді.

ҚМЖ – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін жел, тұман, инверсия сияқты қысқамерзімді метеорологиялық факторлардың үйлесімі. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін. Ластану деңгейінің қалыптасуын анықтайтын маңызды факторлардың бірі – жел, жауын-шашын, ылғалдылық, ауа температурасы сияқты синоптикалық ахуалдың болжамы.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер