USD 334.31 EUR 355.17 RUB 5.31
Астана:

Бүгін елімізде қарлы жаңбыр араласқан суық ауа райы сақталады

Синоптиктердің болжауынша, циклондар және оларға байланысты атмосфералық фронттар, бірінен соң бірі Қазақстан арқылы жылжиды. Сондықтан бізде жаңбырлы да, қарлы түнерген ауа райы әлі сақталады. Тек кейбір облыстарда ғана олар аз уақытқа дамылдайтын болады.

Осылайша алдағы үш тәулікте ауа-райында ешқандай өзгеріс байқалмайды. Бұрынғыдай суық фронт жаңбыр, қар, қатты екпінді жел сияқты жауын-шашын туындатып, ауа температурасы әдеттегіден 2-7ºС төмен түседі.

Жамбыл, Алматы облыстарында, кей жерлерде қатты жауын-шашын жауады. Кей жерлерде көктайғақ, жел солтүстік-батыс, батыстан 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі.

Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарында ауа температурасы 1-6, кей жерлерде 9 градусқа дейін төмендеуі күтіледі. Ақмола облысында қар жауады, кей жерлерде бұрқасын күтіледі.

Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысады. Желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с.

Жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің күші кей уақытта 15-20 м/с күшейеді.

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады