BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 370.04 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.99 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.58
Астана:

Бүгін алты қалада ауа сапасы нашарлайды

Фото: интернеттен

Астана, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК мамандары еліміздің алты қаласында ауа сапасы нашарлайтынын хабарлады.

5 желтоқсанда Қарағанды, Теміртау, Балқаш, Шымкент, Ақтөбе және Өскемен қалаларында ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары қалыптасады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер