Бүгін ауа райы құбылмалы болады - Қоғам|06 Тамыз 2018, 08:02
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 360.87 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 410.27 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.4
Астана:

Бүгін ауа райы құбылмалы болады

Фото: ашық дереккөзден

Бүгін атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, кей жерде найзағайлы жаңбыр жауады, жел күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін, түнде және таңертең тұман күтіледі, деп хабарлайдыBaq.kz ақпарат агенттігі.

Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында кей жерде жел жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, түнде және таңертең тұман, күндіз найзағайлы жаңбыр жауады, Солтүстік Қазақстан облысында дауыл болады, бұршақ жаууы мүмкін.

Қызылорда облысының кей жерінде найзағай, дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с күшейіп, шаңды дауыл тұрады, бұршақ жаууы ықтимал. Ақмола облысының кей жерінде найзағай болады, жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең тұман болады.

Қарағанды облысының кей жерінде найзағай, түнде тұман болады, күндіз жел 18 м/с күшейеді. Қостанай облысының кей жерінде найзағайлы жауын жауады, жел екпіні 15-20 м/с жетеді,

Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде найзағай болады, күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге үдейді. Ақтөбе, түнде Атырау облыстарында найзағай болады.

Маңғыстау облысында күндіз кей жеррде жел 15-20 м/с күшейеді, Жамбыл облысында түнде және таңертең кей жерде тұман болады.

Алматы, Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында, Жамбыл, Маңғыстау, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерінде қатты ыстық болады.

Қызылорда облысында, Түркістан, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қостанай, Қарағанды, Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер