BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 375.9 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 423.56 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.55
Астана:

Бүгін ауа райы құбылмалы болады

Фото: интернеттен

Астана, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда, дүйсенбіде ел аумағының басым бөлігінде ауа райы құбылмалы, жауын-шашынды болады. Батыста, оңтүстік-батыста жауын-шашын болмайды. Кей жерінде жел күшейіп, тұман түседі. Көктайғақ болуы мүмкін.

Жамбыл облысының кей жерінде тұман түседі, жел жылдамдығы 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с дейін жетеді, облыстың оңтүстік-батысында 30 м/с-дан асады.

Түркістан облысының кей жерінде тұман болып, жел жылдамдығы 15-20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с дейін күшейеді.

Aқмола, Қызылорда, Қостанай, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді.

Aлматы, Маңғыстау облыстарының кей жерінде күндіз желдің күші 15-20 м/с дейін жетеді.

Aтырау облысында түнде және таңертең тұман түседі.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер