BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 375.9 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 423.56 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.55
Астана:

12 қаңтар күні Астанада сабақ болады

12 қаңтар күні елордада мектептегі сабақтар тоқтатылмайды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Астана қаласы Білім басқармасының сайтына сілтеме жасап.

«Құрметті ата-аналар! Бүгін, 12 қаңтар күні сабақтар тоқтатылмай уақытымен жүретін болады. Қазгидромет деректері бойынша, ауа райы -13 градус, желдің екпіні 5 м/с», - деп жазылған хабарламада.

Естеріңізге сала кетсек, күні кеше Астана қаласында мектептерде сабақ болмайтыны туралы жалған ақпарат тарағанын хабарлаған болатынбыз.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер