Бұдан былай мемлекеттік қызметкерлер мерекеде сыйақы алмайды - Қоғам|19 Қаңтар 2018, 13:12
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 360.12 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 409.67 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.33
Астана:

Бұдан былай мемлекеттік қызметкерлер мерекеде сыйақы алмайды

Енді өнімді жұмыс істеген мемлекеттік қызметкерлерге «бонус» беріледі. Есесіне әр мереке сайын берілетін сыйақы алынып тасталады. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Айгүл Шайымова мәлімдеді, деп xабарлайды Baq.kz тілшісі.

Мемлекеттік қызметкерлерге еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі бойынша «сыйақы» мәні «бонус» мәніне өзгертілді.

«Мемлекеттік қызметкер жұмысының өнімділігіне байланысты бонус беріледі. Жаңа әдістеме бойынша жылына бір рет желтоқсанда мемлекеттік қызметкер жұмысы бағаланады. Бағалау қорытындысы бойынша жылына бір рет бонус төленеді. Бүгінде болжам бойынша бонус көлемі қызметкердің лауазымына байланысты төрт айдың еңбекақысынан кем емес болмауы тиіс», - деді Айгүл Шайымова.

Оның айтуынша, жаңа төлем жүйесі енгізілген соң Мемлекеттік қызметкерлерге мереке сайын сыйақы төленбейтін болады.

«Қазіргі бонус жүйесі бойынша сыйақы беру жүйесі алынып тасталады. Әр мереке сайын мемлекеттік қызметкерлер бірдей көлемде сыйақы алып жүрді, енді бұлай болмайды. Елбасы нәтижелі жұмыс істейтін мемлекеттік қызметкерлерді ынталандыру жөнінде нақты тапсырма берді. Сол себепті мемлекеттік қызметкерлердің жұмысын бағалайтын жүйені қарастырып отырмыз. Егер мекеме алға қойған мақсаттарына жететін болса олар бонусты толық көлемде алады. Егер орындалмаса олардың бонустық қоры өзгеріп, тиісті нәтижені көрсетпегені үшін берілетін бонус қысқарады», - деді Айгүл Шайымова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслиxатында.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер