BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 327.42 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 383.51 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.29
Астана:

Болашақ министрлер – Қазнет горшокта отырған балалардың әңгімесін талқылады

Фото: скрин

Әлеуметтік желі қолданушылары горшокта отырған егіз балалардың әңгімесін қызу талқылады, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.

Видеодан екі баланың горшокта отырып, «өз» тілдерінде сөйлесіп жатқанын көруге болады. Мұнымен қоса, балалар өзара ым-ишара білдіріп, бастарын изеп қояды. Роликтің соңында олар жауап беруге ойланғандай пауза жасап қояды. Ал қолданушылар олардың әңгімесін елдің экономикалық жағдайын талқылап отыр деп әзілдеді.

«Болашақ министрлер! Горшокта отырғанына қарамастан, қазірден жаһандық проблемаларды шешіп отыр. Сондай тәтті өздері», - деп жазды қолданушылардың бірі.

A post shared by ӘГУГАЙ | AGUGAI (@agugai) on

Не деп жатыр бүлдіршіндер? Түсініп жатсыздар ма?

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер