BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 364.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.99 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.55
Астана:

Бізге Қазақстан қоғамының даму моделін түсіну керек – вице-министр

Фото: primeminister.kz

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Қазір мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы алшақтықты қысқарту мен кедергілерді жою үшін жұмыстар атқарып жатырмыз. Бұл туралы ҚР Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Сергей Коновалов Алматыда өткен конференция барысында айтты.

Оның айтуынша, министрлік барлық келіссөз алаңын пайдала отырып, ҮЕҰ-ға өзідерінің ұсыныстарын жеткізіп, әрі олардың пікірлерін ескере отырып барлығына ортақ істі атқаруды қалайды.

«Азаматтық қоғамды құрудың бұрынғы тұжырымдамасы аяқталды, ол 2011-2016 жылдарға арналған. 2016 жылдан бері ҮЕҰ мен өзара әрекеттесудің ұлттық жоспары болды. Бұған дейінгі тұжырымдама азаматтық қоғамның институттарын қамтыды. Ол жерде азаматтық қоғамның моделі айтылмады. Бізге Қазақстан қоғамының даму моделін түсіну керек. Бұрынғымен салыстырғанда қазір іске асырылып жатқан мазмұнды бағдарламалар көп. Оларды институтционалды түрде емес, мазмұнына қарай жүзеге асыруымыз қажет», - дейді вице-министр.

Сондай-ақ ол ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіне еліміздегі азаматтық қоғамды дамытудың жолдарын қалыптастыру туралы маңызды миссиясы тапсырылғанын және мемлекет пен азаматтық қоғам иституттары арасындағы өзара әрекеттестікті қайта қарап жатқандарын айтып өтті.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер