BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 375.9 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 423.56 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.55
Астана:

Бiздiң уақыт – бiлiм уақыты: Исекешев «Алтын белгi» иегерлерiн құттықтады

Фото: Нұржас Жақсыбай

Бүгiн Тәуелсiздiк сарайында «Елорда мақтанышы» атты «Алтын белгi» иегерлерiнiң құрметiне арналған салтанатты шара өттi. Үздiк түлектердi Астана әкiмi Әсет Исекешев құттықтап, ақ жол тiледi, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

Қала басшысы «Алтын белгi» иегерлерiмен қоса халықаралық байқауларда елорда намысын қорғаған жеңiмпаздар мен спорт шеберлерiн салтанатты түрде құттықтап, бағалы сыйылықтар табыстады.

«Бүгiнгi мектеп бiтiрушi түлектерiмiз - қаламыздың ғана емес, бүкiл елiмiздiң мақтанышы. Биыл қаламызда мектептi үздiк бiтiрген оқушылар саны артып отыр. Жыл қорытындысы бойынша мектеп түлектерiнiң саны 6 229-ды құрады. Ұлттық бiрыңғай тестiлеуге қатысуға оқушылардың 90 пайызы ниет бiлдiрдi. «Алтын белгiге» үмiткер - 301, үздiк аттестаттауға үмiткер - 373 түлек. Сондай-ақ, 2017-2018 оқу жылында елордалық оқушылар ғылыми жобалар мен республикалық және халықаралық олимпиадаларда 281 медаль жеңiп алды. Олардың 121-i алтын, 66-сы күмiс және 94-i қола. Қазiр әлемде экономика, технология, бiлiм, бәрi де тез өзгерiп, дамып жатыр. Сондықтан, бiздiң уақыт - бiлiм уақыты. Тек бiлiмнiң арқасында ғана бiз барша әлемдi бағындыра аламыз. Елбасымыз «Рухани жаңғыру» бағдарламасында айтқандай «Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдардың бәсекеге қабiлеттiлiгiмен айқындалады». Баршаңызға сәттiлiк пен ақ жол тiлеймiн», - дедi Әсет Исекешев.

Салтанатты шарада сөз алған «Алтын белгi» иегерлерi оқу жылдары қолдау көрсетiп келген ата-аналары мен ұстаздар ұжымына алғысын бiлдiрдi. Сондай-ақ, мерекелiк шарада түлектер вальс биiн билеп, көптiң қошеметiне бөлендi.

Фото: Нұржас Жақсыбай

«Алтын белгi» иегерi Гүлсезiм Хасенқызы тiлшiге берген сұхбатында алдағы арман-жоспарларымен бөлiскен едi.

«Мен 69-шы мектеп-гимназиясын бiтiрдiм. Өздерiңiз бiлесiздер, биыл «Алтын белгi» иегерлерiне бұрынғыдай көмек жоқ. Сондықтан да бұл әрине өте қиын. Бiрақ, Ұлттық бiрыңғай тестiлеуде «Алтын белгiнi» ақтап шығуға тиiспiз. Бiз ақтап шығамыз деп ойлаймыз. Ендiгi жоспарым - Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетiне «туризм» мамандығына түсу. Бiздiң елде туризм саласы дұрыс дамымаған, мен оны дамытуға өз үлесiмдi қосқым келедi. Болашақта Қазақстандағы туризм дамып, жоғарғы деңгейге жетедi деген сенiмдемiн», - дейдi Гүлсезiм Хасенқызы.

Видео: Нұржас Жақсыбай


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер