BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 340.27 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 396.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.39
Астана:

Бишімбаевтың ісі: прокуратура жиналған айғақтарды зерттеп жатыр

Астана прокуратурасы Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша жиналған айғақтарды зерттеп жатыр, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Елорда прокуратурасы бұрынғы ұлттық экономика министріне қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталғанын мәлімдеді.

«Қазіргі таңда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы департаменті сотқа дейінгі тергеу өндірісін аяқтады және ҚР ҚПК 300-бабы тәртібінде қабылданған процессуалды шешімнің заңдылығын тексеру үшін қала прокуратурасына жолданды», - делінген прокуратура хабарламасында.

«Қылмыстық іс материалдарын зерттеу нәтижесі бойынша жиналған айғақтар мен ҚР ҚПК 302-бабы тәртібінде қылмыстық іс аясында қабылданған процессуалды шешімдерге баға беріледі», - деп жауап берді Астана прокуратурасы редакциясының жіберген сауалына.

Естеріңізге салып өтсек, Қуандық Бишімбаев осы жылдың қаңтарынан бері қамауда отыр. Жоғары шенді шенеунікке қатысты тергеу шаралары жүргізіліп жатқаны туралы 2016 жылдың 30 желтоқсанында белгілі болды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер