BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 372.49 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 424.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.54
Астана:

Бишімбаев ісі: Депутаттың ұлы Аслан Жақыпов сотталды

Бүгін Астанада судья Әділxан Шайxисламов жемқорлық деректері бойынша айып тағылған «Байтерек DEVELOPMENT» АҚ-ның бұрынғы менеджерлеріне қатысты сот үкімін шығарды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Аталған компанияның бұрынғы менеджерлері арасында Мәжіліс депутаты Қабибулла Жақыповтың ұлы Аслан Жақыпов та бар.

Соттың үкімі бойынша ол 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.Жазасын қатаң режимдегі мекемеде өтейтін болады. Сонымен қатар ол мемлекеттік қызметте басшы лауазымына орналасу құқығынан айырылды.

Айта кетейік, 40 жастағы Аслан Жақыпов осыған дейін «Байтерек DEVELOPMENT» АҚ басқарма төрағасының орынбасары міндетін атқарған. Ол 2016 жылдың қарашасында пара алып жатқан жерінде ұсталды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер