BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 341.08 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 394.46 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.37
Астана:

Біртанов Қаскелеңдегі аурухана туралы: Талапты орындамаса, сот шешімімен жапқызамыз

Фото: Sputnik Казахстан

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қаскелеңдегі инфекциялық ауруханаға тиісті жөндеу жұмыстары жүргізілмесе, ол өзінің жұмысын тоқтатуы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Алматы облысының әкімшілігі Қаскелең қаласындағы инфекциялық аурухана туралы мәлімет берді. Облыстағы бірнеше ауданның науқастары осы мекемеге келіп жатады. Бірақ аурухананың жағдайы – өте нашар. Сондықтан 2017 жылдың қазанында Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті аталған мекемені арнайы тексеріп, әкімшілікке ауруханадағы кемшіліктерді жою қажеттігін ескерткен. Әкімшілік «шілденің аяғына дейін бәрін жөндеп бітіреміз» деп өзінің кепілдігін берген. Егер олар аурухананы жөндесе, мекеме өз жұмысын атқара береді. Егер талап орындалмаса, біз сот арқылы аурухананы жапқызамыз», - деді министр Үкімет отырысынан шыққан соң.

Сонымен қатар ол Алматы облысының әкімдігіне өңірдегі ауруханаларда мемлекеттік стандарт міндетті түрде орындалу қажеттігін талап еткенін атап өтті.

«Біз Алматы облысындағы барлық ауылдағы объектілер санитарлық нормаға жауап беретін болады деген үміттеміз», - деп түйіндеді сөзін Елжан Біртанов.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер