BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 341.18 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 392.97 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.34
Астана:

Бірнеше облыста дабылды ескерту жарияланды

«Қазгидромет» РМК ауа райына байланысты бірнеше облыста дабылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарында жауын-шашын болады. Жылы ауа температурасының сақталуына байланысты жазық аудандарда қар еріп, таулы аудандардың баурайында су деңгейі жоғарылауы мүмкін. Сондай-ақ, кей аудандарда су жайылуы ықтимал. 17 наурызда Қызылорда облысында жылы ауа температурасының сақталуына байланысты облыстың оңтүстігінде өзен арналары қосылып, су деңгейі жоғарылайды деп болжануда», - деп жазылған хабарламада.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер