BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 364.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.99 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.55
Астана:

Бір айда 1100-ге жуық адам көші-қон заңын бұзған

Астана, BAQ.KZ. Бүгінгі таңда Астана қаласының көші-қон қызметінің басты тапсырмаларының бірі заңсыз көші-қонға қарсы күрес. Осыған байланысты ішкі көші-қонды бақылауға ерекше көңіл бөлінеді.

Пәтерін жалға берушілер көбінесе өз үйін жалға алушыларды тіркеуге тұрғызбайды. Нәтижесінде пәтерді жалға алушылар тұрақты мекен-жайы бойынша тіркеуге тұра алмайды. Болмаса тіркеусіз тұрады немесе жалған мекен-жай бойынша тіркеледі («резеңке пәтерлер» деп аталатындар да), бір мекен-жайда 100-ден аса адам тіркелуі мүмкін.

"Біздің негізгі мақсатымыз – қызметтері ақылы негізде жүзеге асырылатын және бір мекен-жайға азаматтардың көп санын тіркеуге алып келетін делдалдарға қатысты нөлдік төзімділік жағдайын жасау. Бұл өз кезегінде қаланың криминогендік ахуалына әсер етеді" - дейді мамандар.

Атап өтетін жай, «Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу» мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. Мекен-жайға тіркелу мәселесі көптеген әлеуметтік мәселелерді шешеді (медициналық қызмет көрсету, мектеп, бала-бақшалар тағы да басқалар).

Осыған байланысты, 29 қазан мен 06 қараша аралығында тұрғын үй иелері және тіркелетін Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетелдіктер арасындағы делдалдық фактілерінің алдың алу, сондай-ақ «Резеңке пәтерлермен» күрес мақсатында Астана қаласының аумағында «ДЕЛДАЛҒА – ЖОЛ ЖОҚ!» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында көші-қон қызметі, жергілікті полиция қызметі және криминалды полицияның күштерімен адамдардың неғұрлым көп саны тіркелген мекен-жайлар қатарына тексерулер жасалды.

Сонымен, жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында қаланың көші-қон және жергілікті полиция қызметтері 1083 көші-қон заңнамасын бұзылу фактісі анықтады. Оның ішінде 334-і шетелдіктің келу ережесін бұзған, 107-і қабылдаушы тұлғаның шетел азаматтарының келу ережесін бұзған, 98-і тұрғын үй иесінің өз үйінде тұрмайтын азаматтарды тіркеген, 544-і тұлғалардың Қазақстан Республикасында тіркеусіз не жеке басты куәландыратын құжатсыз тұрған.

Бұдан бөлек, тұрғын үй иелері мен тіркелетін Қазақстан Республикасының азаматтары арасындағы делдалдықтың 140 фактісі анықталды.

Ағымдағы жылдың басынан бастап жедел-профилактикалық іс-шаралар барысында көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін барлығы 4 мыңнан астам Қазақстан Республикасының азаматтары жауаптылыққа тартылған, сонын ішінде:

- құжаттарсыз және тіркеусіз тұрғаны үшін (ӘҚБтҚРК 492 бап) – 3.901;

- оларда нақты тұрмайтың жеке тұлғларды тіркеуге жол бергені үшін (ӘҚБтҚРК 493 бап) – 188.

Бұл бағыт бойынша жұмыс тұрақты негізде жүргізіледі және көші-қон заңнамасын бұзушыларға қатаңдау шаралар қолданылатын болады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер