USD 336.23 EUR 360.3 RUB 5.28
Астана:

Биыл "Жол картасы 2020" бағдарламасы арқылы 480-нан астам нысан жөндеуден өтеді

2016 жылы Қарағанды облысында «Жұмыспен қамтудың 2020 жол картасы» бағдарламасының жұмыспен қамтуды, инфрақұрылымды және тұрмыстық-коммуналдық шаруашылықты дамыту арқылы қарастыратын бірінші бағытын іске асыруға республикалық бюджеттен 7 млрд. теңге бөлінді, деп хабарлайды BAQ.kz тілшісі.

Бұл қаржының 1,9 млрд. теңгесі ҚР Үкіметінің арнайы қорынан бөлінген. Осы қаражат есебінен 481 жобаны жөндеу жоспарланған еді. Оның 465-і инфрақұрылымдық нысандар болса, 16-сы дәрігерлік амбулаторияның құрылысы.

"Жөнделетін ғимараттардың 159 – білім беру, 103 – мәдениет, 22 – денсаулық сақтау, 56 – транспорттық инфрақұрылым, 8 – әлеуметтік қорғау, 9 – спорт, 108 – коммуналдық-инженерлік инфрақұрылым нысаны және 16 – дәрігерлік амбулаторияның құрылысы" - дейді ДСӘДМ ресми ақпарат көзі.

Инфрақұрылымдық жобалардың іске асырылуы 4948 жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді, оның ішінде 2520 адам жұмыспен қамту орталықтары арқылы орналастырылады.

Бүгінгі күні 164 жобаның іске асырылуы басталды, оның шеңберінде 2309 адам жұмысқа тұрды, оның ішінде 2309 адам – «ЖҚЖК 2020» бағдарламасына қатысушылар.

2015 жылы «ЖҚЖК 2020» бағдарламасының бірінші бағытын іске асыруға 13,7 млрд. теңге бөлінгенін, жалпы республика бойынша 588 инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылып, 8,6 мың адам жұмысқа орналастырылғанын естеріңізге саламыз. 2016 жылы «ЖҚЖК 2020» бағдарламасының бірінші бағытын іске асыруға 80,1 млрд. теңге бөлінді. Бұл қаражат жобалардың саны ескеріле отырып, жергілікті атқарушы органдардың тапсырыстары негізінде өңірлер арасында бөлінеді.

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады